Астанада жаңажылдық шырша қашан жағылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астананың бас жаңажылдық шыршасының шамы қашан жағылатыны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігіне сілтеме жасап.

18 желтоқсан күні сағат 18:30-да ЭКСПО-2017 көрмесінің аумағында Астананың бас жаңажылдық шыршасының шамын жағу рәсімі өтеді. Сондай-ақ, шарада өнерпаздар концерт қояды. Кішкентай көрермендердің көңілін аниматорлар мен алып қуыршақтар көтереді.

Ойын-сауық бағдарламасы сағат 18:30 басталса, ал шырша шамдары сағат 19:00-де жағылады. Сонымен қатар, рәсімге келушілер мерекелік отшашуды тамашалай алады.

Басты шырша маңында қысқы және отбасылық демалыс үшін қызметтердің кең ауқымды қызмет көрсететін интерактивті ойын-сауық алаңы іске қосылады.

Көрме кешені аумағында 200 адамға арналған ашық мұз айдыны жұмысын бастайды. Мұз айдынының жұмыс уақыты сағат 10:00-ден 23:00-ге дейін. Келетін қонақтарға ыңғайлы болу үшін мұз айдынына кіру тегін. Сондай-ақ, конькиді жалға беретін орын, тамақтану орындары және автокөліктер үшін жерасты тұрағы бар.

Соңғы жаңалықтар