Астанада жаңажылдық демалыс күндері 70-тен астам қылмыс тіркелді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаңа жылды мерекелеу күндері Астана полиция департаментінің 2 мыңға жуық қызметкері мен Ұлттық гвардияның әскери қызметшілері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Астана қаласы Полиция департаментінің мәліметіне қарағанда, қабылданған шаралар нәтижесінде елордадағы криминогендік жағдай тұрақты болды.

«2018 жылғы 31 желтоқсаннан бастап қазіргі уақытқа дейін Астанада қылмыстық сипаттағы 72 құқық бұзушылық тіркелді. Олар негізінен автокөліктен және адамдар көп жиналатын басқа да орындардан жеке заттарды ұрлауға қатысты. Бұл ретте аталған 72 қылмыстың 11-і, яғни 15 пайыздан астамы ізін суытпай ашылды. Қабылданған шаралар арқасында қоғамдық орындар мен көшелерде ауыр құқық бұзушылықтарға жол берілген жоқ», - делінген таратылған мәліметте.

Белгілі болғандай, бейне бақылау камерасы арқылы 4 қылмыстың беті ашылды. Бұл тұрғыда көңіл көтеретін орындардың маңында төбелес фактілері анықталды. Бұдан бөлек 250-ге тарта әкімшілік құқық бұзушылықтар тіркелді.

Соңғы жаңалықтар