-
ОНЛАЙН:
Астанада жаңадан ашылған алаңда домбыра кеші өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада көше шығармашылығы үшін жаңа лаң ашылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат елордадағы Сарыарқа ауданының әкімі Арман Тұрлыбекке сілтеме жасап.
«Достар, сіздерге көше шығармашылығы үшін біздің ауданның аумағынан тағы бір алаңның ашылғаны туралы жаңалықты қуанышпен хабарлаймыз. Өздеріңіз білетіндей, шілдеде Жеңіс/Бөгенбай көшелерінде амфитеатры бар «Ақжайық» саябағы ашылды! Музыкалық академияның ректоры Айман Мұсаходжаеваның қолдауымен бұл саябақтың музыкалық өмірі басталмақ. Бүгін, 28 шілдеде музыкалық академия студенттері қала тұрғындары мен қонақтарын естен кетпес «Домбыра» кешінде күтеді. Ұлттық аспап әуесқойлары мен қадірлеушілері домбыра үнін тыңдай алады. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай, «Домбыра - қазақтың жаны». Концерт сағат 19.00-де басталады», - деп жазды Арман Тұрлыбек Фейсбуктегі парақшасына.
Фото: bko.gov.kz
- Димаш Құдайбергеннің «DIMASH DIGITAL SHOW» концерті қайтадан көрсетіледі
- Карантин талаптары: Нұр-Сұлтанда ойын-сауық орталықтары, мейрамханалар, кафелер тексерілді
- Жаңа қаулы: Елордалық сауда орталықтары қалай жұмыс істейді
- Елордада Елбасыға әртүрлі елдің дипломаттары сыйлаған экспонаттар көрмесі өтті
-
Коронавируспен күрес: Елордада сынақ ҰБТ-ға дайындық басталды
-
Президент Әлімғазы Райымбековтің отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам