Астанада жаңа Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық қашан салынады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Парламент Мәжілісіндегі Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Астанада жаңа Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық қашан салынатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі кезде кадрларды іріктеу жүріп жатыр және олардың біліктілігін арттыруға бюджеттен қаржы қарастырылды. Бізде барлық мемлекеттік органдармен бекітілген жол картасы бар. Құрылыс жұмыстарын аяқтау 2020 жылдың желтоқсанына жоспарланған», - деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, осындай орталықтарды ашу бойынша өзге елдердің тәжірибелері ескерілді.

«Мәселен, Нью-Йоркте протондық орталық ашылуда. Олар екі жыл бұрын өздерінің кадрларын басқа орталықтарда оқытуды бастады. Кейіннен бұл мамандар өздерінің орталықтарына қайта келеді. Біздің серіктестердің қатысуымен осы технологиялармен жұмыс істейміз», - деді Елжан Біртанов.

Еске салсақ, Елбасы биылғы 5 қазанда ел халқына арнаған кезекті Жолдауында 2019 жылы Астанада Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықтың құрылысын бастауды тапсырды.

Орталық еліміз халқын бастапқы кезеңдегі дагностиканың өте тиімді әрі жоғары технологиялық әдістерімен және қатерлі ісіктер өскіндерін үздік халықаралық тәжірибелер негізінде емдеумен қамтамасыз етуге бағытталған.

Орталықта жыл сайын жоғары технологиялық медициналық қызметті қолдана отырып, стационарлық көмек жағдайында 6 мың және амбулаторлық жағдайда 30 мыңнан аса науқас медициналық көмек алатын болады. Заманауи сәуле терапиясы қызметі 4 мың пациентке көрсетіледі. Сол сияқты, 10 мың науқас ядролық медицинаның көмегімен онкологиялық ауруларды диагностикалау және емдеу мүмкіндігін алады.

Соңғы жаңалықтар