Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 12 °С
Алматы: 16 °С
USD 336.39 EUR 390.28
RUB 5.36 CNY 52.42
Жаңалықтар

Астанада жаңа тұрғын үй бағдарламасы қабылданады- әкім

2018 жылғы 14 наурыз 17:48 1771
Бөлісіңіз:
Астанада жаңа тұрғын үй бағдарламасы қабылданады- әкім

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана әкімдігінде қала активі «Президенттің бес әлеуметтік бастамасын» жүзеге асыру механизмдерін талқылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Ұқсас жаңалықтар
Қостанайда шағынаудандарының тұрғындары бірнеше күнге газсыз қалады Ақтауда 418 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі

Қала активінің отырысы барысында елорда әкімі Әсет Исекешев «20-7-25» әлеуметтік бастамасының маңыздылығына тоқталып өтті.

«Мемлекет басшысы атап өткендей, бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің бірі - «әлеуметтік маңыздылық проблемасы». «20-7-25» әлеуметтік бағдарламасы тұрғын ипотекасының қалың бұқараға қолжетімділігін жоғарылатып, тұрғын үй секторына жаңа дем береді. Енді жұмысы бар әр тұрғын үшін талаптары ыңғайлы ипотекалық займды ала алады. Бұл банк секторын жандандырып қоймай, тұрғын үй нарығының белсенді түрде дамуына серпін беріп, өндірістің дамуына сеп болады. Осы ретте жаңа жұмыс орындары да құрылады», - деді әкім.

Әсет Исекешев, сондай-ақ алдағы бір айдың көлемінде Астанада жаңа тұрғын үй бағдарламасының қабылданатынын жеткізді.

«Елбасының жаңа әлеуметтік бастамасын есепке ала отырып, мен өзімнің орынбасарым Сергей Хорошунға, басқарма басшыларына қалалық қолжетімді баспана бағдарламасын әзірлеуді тапсырдым. Ол бағдарламада Мемлекет басшысы көтерген бастаманың ерекшеліктері ескерілуі тиіс. Бір айдың ішінде біз алдағы бес жылда салынатын тұрғын үйдің, коммуникациялардың көлемін, олардың орналасатын аудандарын анықтап алуымыз керек. Бағдарлама дайын мәслихаттың қарауынан соң қабылданатын болады», - деді Әсет Исекешев.

Айта кетейік, 2018 жылы тұрғын үй бағдарламаларын жүзеге асыру аясында Астанада жалпы ауданы 78,3 мың шаршы метрді құрайтын 6 тұрғын үй кешені пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Осылайша, кезекте тұрған азаматтар үшін елорданың коммуналдық тұрғын үй қорынан, сондай-ақ «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасының аясында 1500-ге тарта пәтер ұсынылады деп жоспарланған.

 

 


Бөлісіңіз:

Автор:

Қанат Мәметқазыұлы

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
Мұрағат