Астанада жаңа медициналық мекемелер, жылыжай мен базарлар салынады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада құрылыс материалдары мен медициналық маскалар шығаратын кәсіпорындар, сондай-ақ жаңа медициналық мекемелер, жылыжайлар, базарлар салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қалада жылыжайлар мен азық-түлік базарларының санын арттырамыз. Бүгін өткен инвестициялық кеңесте жылыжай кешені мен екі базардың құрылысы қолдау тапты. Атқарылып жатқан бұл жұмыстар азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын ұстап тұруға мүмкіндік береді», - деп жазды Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram-парақшасында.

Елорда басшысы атап өткендей, сонымен қатар аталған кеңесте темірбетонды бұйымдар, гиперпресстелген кірпіш өндіретін зауыт құрылысы, араланған ағаш өнімдері мен жарықдиодты жарықшамдар өндірісі қолдау тапты.

«Бұл материалдардың барлығы да құрылыста қолданылады. Құрылыс қарқынын ескерсек, отандық өндіріс материалдары салынып жатқан объектілердің өзіндік құнын төмендетуге септігін тигізеді.


Сондай-ақ, бірқатар медицина мекемелерінің құрылысына және медициналық маска шығаратын өндіріске қолдау білдірілді. Әрбір жеке жоба –бұл экономикаға жеке инвестиция тарту ғана емес, оған қоса жаңа жұмыс орындарын құру. Мемлекет басшысының тапсырмасымен инвесторлардың жұмыс істеуіне жайлы жағдай жасаймыз»,- деп жазды Алтай Көлгінов.




Соңғы жаңалықтар