Астанада «Жаңа Қазақстанды» құру векторлары талқыланды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Елордада «Қазақстан трансформациялар тоғысында» атты кезекті SöZ Astana Public Talk өтті. Жиын қонақтары – танымал ресейлік жазушы, саяси журналист, «Дождь» телеарнасының бас редакторы Михаил Зыгарь мен қазақстандық тарихшы және саясаттанушы Сұлтан Әкімбеков болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тарих таразылайды

Қазақстанда Конституцияға және одан кейінгі Президент және Парламент сайлауларына түзетулер енгізілген соң іс жүзінде толыққанды демократияға айналу процесі басталды: биліктің ауысуы, ашық сот жүйесі және басқа да атрибуттар байқалды.

Спикерлер елдің саяси жүйесін қайта құруда «тез және сапалы» тәсілі жүрмейтінін айтып отыр. Оған қоса, қайта құру ұзақ уақыт бойы авторитарлық механизмдердің жұмысын күшейту үшін жүргізілді.

Михаил Зыгарьдың айтуынша, Қазақстанда болып жатқан өзгерістерге баға беруге әлі ерте.

Қандай да бір өзгерістердің әсерін нақты бағалау үшін тұтас ұрпақтар ауысып, соның нәтижесінде құндылықтар жүйесі мен қоғамның ойлау парадигмалары өзгеруі қажет. Тарихта бұл процесс бірнеше ғасырларға созылады.

Отандық тарихшы және саясаттанушы Сұлтан Әкімбековтың пікірі өзгеше. Ол Қазақстанда демократиялық құндылықтарды жедел жаңарту процесі жүріп жатқанына сенімді.

Қазақстандықтардың ескі және жаңа буындарының басты айырмашылығы – мүмкіндіктердің болуы. Жастар шетелде білім алады, белгілі бір елдің құндылықтарын бойына сіңіреді.

Бұл ретте олар аға буын сияқты бір елдің ішінде тұйықталып қалмай, сыртқы әлеммен байланысын сақтайды.

Мүдделер тоғысқан алаң

Қазақстан көпвекторлы саясатын жалғастыруы керек, деп санайды Сұлтан Әкімбеков. Қазір Орталық Азия – АҚШ, Қытай, Ресей, ЕО, Түркия және араб елдері сынды әлемдегі жетекші ойыншылардың мүдделерін тоғыстырған жалғыз аймақ болып отыр.

Күшті құқықтық мемлекеттік пен көпвекторлы саясат қана өз тұрақтылығын сақтауға мүмкіндік береді.

Бұл әсіресе посткеңестік кеңістіктегі қарулы қақтығыстар артқан кезде – Армения мен Әзербайжан, Қырғызстан және Тәжікстан, Украинадағы соғыс, Ауғанстандағы жағдайда аса маңызды.

Бір жағынан Қазақстан үнемі өңірлік қауіпсіздік саласында озық бастамалар көтерді, өз экономикалық мүдделері бар және тұтастай алғанда тығыз өңірлік және интеграциялық ынтымақтастықты қалайды.

Екінші жағынан – Орталық Азиядағы тұрақты мемлекеттен әлеуметтік әділет іздейтін босқындар ағыны проблемасына тап болуы мүмкін.

Михаил Зыгарь АҚШ пен Еуропа елдерінің Қазақстанға көзқарасын айтып берді. Оның айтуынша, америкалықтар тарихқа «жақсы-жаман» стилінде үзілді-кесілді қарайды.

Басты жау – Қытай, және барлық елдер «Қытаймен бірге немесе Қытайдың ықпалынан алшақтатуға болады» деген позициямен қаралады.

Ең бастысы – Қазақстанның ҚХР сателлиті болуына жол бермеу. Ресеймен де дәл сондай жағдай. Мәскеуге жақындай отырып, Қазақстан америкалық истеблишменттің мұқият бақылауында.

Еуропа Қазақстанға Украинадағы соғысқа көзқарасы арқылы қарайды. Сондықтан Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Санкт-Петербург экономикалық форумында ЛХР мен ДХР-ны мойындамау туралы мәлімдемесі «тәуелсіз Қазақстанның ерік-жігеріне берілген баға» болды.

Қазақстан қай жолды таңдайды?

Сұлтан Әкімбековтің пікірінше, қазіргі Қазақстан Кеңес Одағының соңғы жылдарын еске салады, онда да адамдар келешек өзгерістерді күтумен өмір сүретін.

Дәл осы себепті идеологиялық және саяси күйреудің қайталануына жол бермеу үшін Қазақстанға басқа елдердің тарихи тәжірибесі өте маңызды.

Сонымен бірге, Сұлтан Әкімбеков Қазақстанның батыс емес, шығыс өркениетіне жататынын атап өтті. Демек, тәуелсіздіктің алғашқы жылдары жиі байқалған «Швейцария моделінде» мемлекет құруға ұмтылу қоғамды тек түңілтті.

Сарапшы Қазақстанға шығыстың ең үздік образдарының бірі – биліктің айқын вертикалы және қатаң заңдары бар табысты және мықты мемлекет құрған Сингапурға жүгіну керегін жеткізді.

Қос спикердің пікірінше, кез келген демократиялық қайта құру – бір сәттік әрекет емес, ұзақ процесс. Ол әділ сот төрелігінен басталуы керек.

Сондықтан азаматтардың Үкіметке және сот жүйесіне деген сеніміне қол жеткізу, ашық диалог және өз қателіктерін мойындау – Қазақстанды трансформациялаудың дұрыс «рецепті» болмақ.


Соңғы жаңалықтар