Астанада жаңа IT-университет ашылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Аталған жоғары оқу орнында Big Data саласындағы мамандар даярланады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңа IT-университеттің ашылуы жайында Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі хабарлаған болатын. «Қазіргі кезде Назарбаев университеті, IT-технологиялар паркі сияқты ақпараттық кластерлер бар. Бүгін маған ЭКСПО негізінде жаңа IT-университеттің ашылатыны жайында хабарлады. Аталған жоғары оқу орны 2019 жылы 1 қыркүйектен бастап іске қосылады», - деді Н.Назарабаев Astana Hub халықаралық технопаркінің ашылу рәсімінде.

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі цифрландыру департаментінің директоры Назгүл Бажаеваның айтуынша, бүгінде Big Data бойынша мамандар тапшылығы барынша байқалады. Жаңа университетте осы бағытқа негізгі басымдық беріледі.

«Біз ақпараттық технологиялар саласындағы мамандарға деген сұранысты зерделеп шықтық. Мәселен, бүгінде Үкіметтің ахуалдық орталығы деген жоба бар. Соған Big Data және жасанды интеллект бойынша мамандар қажет. Қазақстандық университеттер аталған бағытта маман даярламайды. Біз дәл осы пәндерді өз елімізде енгізетін боламыз», - деп атап көрсетті Н.Бажаева.

Соңғы жаңалықтар