+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Астанада жаңа инфекциялық аурухана салынады

2021 жылғы 15 қазан 15:55
Бөлісіңіз:
Астанада жаңа инфекциялық аурухана салынады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда әкімі Алтай Көлгінов 2022 жылы қалада жаңа инфекциялық аурухана салынатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда ЖРВИ мен тұмау өршіп тұр Алматы облысында 811 науқас коронавирустан емделіп жатыр СҚО-да инфекциялық стационарларда КВИ жұқтырған 504 сырқат ем алып жатыр

«Ковидпен күрес аясында 16 стационар жұмылдырылған еді. Бірінші қалалық аурухананы коронавируспен күреске тарттық, сондай-ақ үшінші қалалық аурухананы, теміржол ауруханасы, барлық госпитальдер қамтылды. Қазіргі кезде індеттің таралу деңгейі төмендеді, алайда келесі толқын қашан болатынын кім біледі?!» - деп тоқталды А. Көлгінов елорда мәслихатының кезектен тыс сессиясында.

Осы орайда ол қалаға тағы бір инфекциялық стационар керек екенін айтты.

«КВИ-мен және басқа да инфекциялармен күрес бойынша бізге жаңа стационар керек болып тұр. Бізде тиісті тапсырма бар, қазір осы мәселе тұрғысында жұмыс істеп жатырмыз, жобалау-сметалық құжатнама әзірленіп жатыр. Дәрігерлер мен науқастарға қолайлы жағдай жасау үшін онда тиісті нысандар ескеріледі», - деді қала әкімі.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 2022 жылы елордада ескі үйлердегі тұрғындардың мәселесі шешіледі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT