Астанада Жамбыл облысының мәдени күндері өтуде

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін елордада "Жаңарған Жамбылдан - асқақтаған Астанаға!" атты Жамбыл облысының мәдени күндері аясында іс-шаралар өтеді.

Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшысы Берік Уәли Фейсбуктегі парақшасында жазды.

«Құрметті астаналықтар, қала қонақтары және жамбылдық жерлестер, достар! 
Сіздерді 12-13 шілде күндері елордамыздың 20 жылдығына орай "Жаңарған Жамбылдан - асқақтаған Астанаға!" атты Жамбыл облысының мәдени күндері аясында өтетін іс-шараларды тамашалауға шақырамыз! Бағдарламада спектакльдер мен қойылымдар, қасиетті Әулиеатаның өнер шеберлерінің мерекелік гала-концерті, көрермендер үшін көне Тараздан тарту ретінде естелік сыйлықтарға ұтыс билеттері ойнатылады. Барлық іс-шараларға кіру тегін. Мыңжылдықтар мұрасы көне қаланың ыстық сәлемін қабыл алыңыздар! Барлықтарыңызды асыға күтеміз. Келіңіздер, көріңіздер!»,- делінген Берік Уәлидің жазбасында.



Иллюстрацилық фото

Соңғы жаңалықтар