Астанада жалынды жастардың қатысуымен «Біз Елбасымен біргеміз!» форумы өтті

None
None
АСТАНА. 12 сәуір. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Астанадағы Қазақ гуманитарлық заң университетінің «Фемида» алаңында «Біз Елбасымен біргеміз!» форумы өтті.

Атап айтқанда бұл шара ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сайлауда жеңіске жетіп, Ұлықтау рәсімінен кейін қызметіне ресми кірісуіне арналып отыр. Осы орайда Елбасыны құттықтау мақсатында 1 мыңнан астам елорданың жалынды жастары аталған форумға жиналды.

Онда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын Ұлттық гвардия сарбаздары алаңға шығарғаннан кейін барлық қатысушылар еліміздің Әнұранын орындады. Форум аясында Қазақстан Туы желбіреген автокөліктер шеруі ұйымдастырылды, сондай-ақ еліміздің эстрада әншілерінің қатысуымен концерт өтті.

Соңғы жаңалықтар