Астанада жалған кәсіпкерлерден 96 млн. теңге өндірілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгінгі күнге дейін прокурорлық шара қолдану бойынша жалған кәсіпкерлік контрагенттерінен 96 033 767 теңге мемлекет бюджетіне өндірілді. Бұл туралы Астана қаласының прокуратурасы мәлім етті.

Мысалға, аудан прокуратурасына «КПП-СТ» ЖШС-нің мемлекеттік тіркеуін жарамсыз деп тану туралы «А» азаматының арызы келіп түсті.

Арызды қарау нәтижесінде, аудан прокуратурасымен «А» муддесіне Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына «КПП-СТ» ЖШС-нің мемлекеттік тіркеуін жарамсыз деп тану туралы талап-арыз жолданды.

Талап-арыз жоғарыда көрсетілген сотпен толық қанағаттандырылды.

Аудан прокуратурасымен Астана қаласы мемлекеттік кірістер басқармасына заңды тұлғаның контрагенттерінің орындалуға тиіс міндеттемесін өндіріп алу туралы қадағалау актісі енгізілді.

Осыған ұқсас, ағымдағы 2016 жылдың өткен уақытында, сотпен осындай 24 талап арыз қаралған. Сот актілерінің заңды күшіне ену сәтінен бастап, прокурорлық қадағалау актілерімен  контрагенттерімен келтірілген мемлекетке залалы өндірілетін болады.

Бүгінгі күнге дейін, прокурорлық шара қолдану бойынша, жалған кәсіпкерлік контрагенттерінен 96 033 767 теңге мемлекет бюджетіне өндірілді.

Жалған кәсіпкерлікке қарсы тұру бойынша жұмыс, аудан прокуратурасының назарында және жалғастырылуда.

Соңғы жаңалықтар