Астанада жалға берілетін баспанаға құжат қабылдау басталады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 27 ақпанда елордалық «Тұрғын үй орталығы» «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ арқылы Астана қаласында сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйге құжат қабылдауды бастайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Атаулы бағдарламаға бұрын жарияланған бағдарлама бойынша пәтер көлеміне қосымша болып саналады.

Бұл бағдарламаға кез кезген санаттағы тұрғын үй кезегінде тұрған азамат қатыса алады. Тек мына еңбек салаларында қызмет етуі керек:
1) Білім беру;

2) Денсаулық сақтау;

3) Мәдениет;

4) Спорт;

5) Әлеуметтік қорғау;

Астана қаласы әкімдігіне бағынысты мекемелер;

6) Астана қаласының полиция департаменті және оған бағынысты мекемелер;

7) Астана қаласының төтенше жағдайлар департаменті және оған бағынысты.

Пәтер саны: 50.

Тұрғын үй түрі: сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй.

1 шаршы метрді жалға алу құны– 1455 теңге.

Жалға алудың ең ұзақ мерзімі – сатып алу құқығымен 20 жылға дейін.

Тұрғын үй жалға алу мерзімі өткеннен кейін жалға алушының меншігіне өтеді. Табыс жеткіліксіз болған жағдайда кепілгерлерді тарту мүмкіндігі бар.

Орналасқан жері:Сарыарқа ауданы Көктал елді мекені, 12-95 көш, 12/1 үй.

Қабылдау күні:27 ақпан 10.00-ден бастап 3 наурыз 23.59-ға дейін.

Өтінімдерді қабылдау электронды түрде qatysu.zhilfond.kz порталында жүргізіледі.

Құжаттар тізімі:
1) ЭЦҚ кілті;

2) өтінім берген сәтте 10 күннен кешіктірмей берілген мекеменің фирмалық бланкісіндегі жұмыс орнынан анықтаманың сканерленген нұсқасы.

Айта кеткен жөн, егер сіз өтініш берген кезде, мысалы, екі бөлмелі пәтерді таңдасаңыз және таңдау нәтижесі бойынша оған сәйкес келмесе, сіз пәтердің басқа түрін таңдай алмайсыз және қайта өтініш бере алмайсыз.

Бағдарлама 2 кезеңде жүзеге асады:
1) Қатысуға өтініш беру және кезекке қою күніне сәйкес іріктеу;

2) Кезекке қою күні бойынша байқаудан өткеннен кейін Қазақстан тұрғын компаниясында төлем қабілеттілігі рәсімдерінен өту қажет (8 800 080-44-48 ҚЖК жедел желі телефоны).

Өтінімді қарау нәтижесі кейінірек zhilfond.kz және Астана қаласы тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы сайтында – gov.kz және Тұрғын үй орталығының әлеуметтік желілерінде жарияланады.


Соңғы жаңалықтар