Астанада «Жаһандық Жібек жолы» форумы өтеді

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - 2018 жылдың 3-4 шілдесінде Астанада «Жаһандық Жібек жолы» атты форум өтеді. Оның аясында Жібек жолының бойында орналасқан елдердегі қалалар басшыларының форумы өтеді. Бұл туралы «G-Global халықаралық хатшылығының» жетекшісі Серік Нөгербеков мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жаһандық Жібек жолы» форумын Астанада 3-4 шілдеде өткізу туралы шешім қабылданды. Аталмыш жиын «Бір белдеу, бір бағыт» бастамасының 5 жылдығына және Қазақстан астанасының 20 жылдығына арналады. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Сіздерді аталмыш шараға қатысуға шақырамын»,-деді ол Қазақстанның Қытайдағы елшілігінде өткен «Қазақстан мен Қытай өзара ынтымақтастықтың жаңа дәуірінде» атты дөңгелек үстел отырысында.

Ол Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2017 жылдың мамырында «Бір белдеу, бір бағыт» стратегиясының аясында өткен халықаралық ынтымақтастық жөніндегі жоғары форумы барысында Жібек жолы халықаралық ғылым академиясын салу мәселесін көтергендігін еске салды.

«Бұл бастама қазірдің өзінде жүзеге асырылып үлгерді. Біз ҚХР, РФ мен өзге де 30 мемлекет өкілдеріне қолдаулары үшін алғыс білдіреміз. Біз осы істі жалғастыра отырып, Жібек жолы бойында түрлі сала өкілдерінің ынтымақтастығын қалыптастыруды ұсынамыз. Бұл ретте біз әсіресе мәдениет, медицина, үкіметтік емес ұйымдар сияқты қоғамдық қатынастың өзге де бағыттарын атар едік. Егер Сіздер бұл жобаны қолдайтын болсаңыздар, оны «Жаһандық Жібек жолы» деп атауға болар еді. Осы мақсатта үлкен форум өткізгелі отырмыз. Оның қорытындысы бойынша біз Жібек жолы бойындағы елдердің қалалары басшыларының клубын құратын боламыз»,-деді С.Нөгербеков.

Оның сөзінше, «Жаһандық Жібек жолы» форумы болашақта Қытайдың Сиань провинциясындағы Шэньси қаласы мен Астанада өтетін болады.

Соңғы жаңалықтар