Астанада зейнеткерлердің ақшасын ұрлаған келіншек ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада қарт кісінің үйіне алдап кіріп, ақшасын ұрлаған келіншек ұсталды. Осы орайда Астана қалалық ІІД қала тұрғындарынан өте сақ болуды сұрайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жасы келген үлкен кісілер бала секілді сеніміне кіру оңай, кейде тез алданады. Ұрлықшылар қарттардың сондай əлсіз тұстарын пайдаланып өздерінің арам ойларын жүзеге асырады. Олар жалғыз басты қарттардың үйлеріне келіп өздерін «медициналық  немесе əлеуметтік ұйымның қызметкерімін» деп таныстырады. Одан əрі жоспар бойынша қарттарды сөзге айналдыра отырып үйдегі бағалы заттарды, ақшалай басқа да құнды дүниелерді тонайды. Үлкен кісілер сеніміне кірген ұрылардан күдіктенбегендіктен заттар мен ақшаларының ұрланғанын сол уақытта байқамай, кеш біледі. Сондықтан Астана қалалық ІІД қала тұрғындарынан өте сақ болуды сұрайды. Яғни бөгде адамға есікті ашпау оны үйге кіргізбеу. Бұл әсіресе балалар мен қарт кісілерге қатысты ескерту.

Одан бөлек полиция қызметі жасы үлкен жақын адамдарды жоғарыда аталғандай тонаушылықтың түрлі жолдары барынан хабардар етуді жəне бейтаныс адам күдікті болып көрінген жағдайда полиция қызметіне хабарласуын ескертеді. Сонымен қатар қарт жастағы жақындар адамдармен үнемі байланыста болып, қолдау көрсетіп жандарында болуын сұрайды.

6 тамызда қалалық полицияға 89 жастағы қарт кісі хабарласқан. Оның айтуынша әлдебір əйел қарияның үйіне келіп өзін медбикемін деп таныстырып əңгіме арасында жуырда қаржы реформасының өзгеретінін айтып оған көмегін ұсынған. Яғни зардап шегушіден жинаған ақша банкноттарының нөмерін жазып алуды сұрайды. Медбикенің алдауына түскен қария жинаған ақшасының бір бөлігін əкеліп берген. Сол сəтте ұры əйел қариядан медициналық комиссияға сараптама тапсыру үшін жуыну бөлмесіне өтуді сұрайды, қарияның жоқтығын пайдаланып жатын жəне қонақ бөлмеде шкафтың ішіндегі барлық ақшаны (4 млн-нан аса теңге) ұрлап кетеді.

Бейнебақылау жазбасын қарау арқылы ізін суытпай 30 жастағы күдікті келіншек ұсталды. Тергеу барысында күдікті əйелдің басқа да пəтерлерге кіріп қарт кісілерді тонағаны анықталды. Зардап шегушілер əйелді танып, ұрлық жасағанын растады. Қазір күдікті əйел уақытша қамау изоляторында отыр.

Осы оқиға бойынша тергеу жүргізіліп, күдіктінің басқада қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Осыған ұқсас жағдайға тап болып, қылмыскерлердің арбауына түскен азаматтар болса Сарыарқа аудандық ІІБ-не мына телефондар бойынша:  8 (7172) 71-66-10, 71-66-02, 71-66-40 немесе 8-702-635-01-01 хабарласуы керек.. 

Соңғы жаңалықтар