Астанада зейнеткер қарт сот арқылы ұлдарынан алимент өндіріп алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласында зейнеткер қарт өзінің ұлдарынан алимент өндіріп алу туралы сотқа шағымданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қарттығынан жұмысқа жарамсыз болған зейнеткер қосымша материалдық көмектерді қажет ететін болған. Дәрігерлердің ұдайы бақылау есебінде тұрған оның зейнетақысы толығымен үйдегі қажеттіліктерді сатып алуға, коммуналдық қызметтер төлеміне кетеді. Алайда, қарияның кіші екі ұлы өз еріктерімен әкелерін бағудан жалтарған», - делінген баспасөз баянында.

Айта кетерлігі, сот бұған дейін де зейнеткердің пайдасына ай сайын үлкен ұлынан 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде алимент өндіру туралы шешім шығарған болатын. Ал қарияның соңғы шағымын қараған Астана қаласы Сарыарқа ауданының соты зейнеткердің талабын ішінара қанағаттандырды.

«Сот шешіміне сәйкес, қарияның үлкен ұлынан бөлек, екі кіші ұлы да өздерінің әкелеріне ай сайын 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде алимент төлеп тұратын болады. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, еңбекке қабілетті кәмелет жасқа толған азаматтар өздерінің көмекке зәру ата-аналарын бағып, оларға қамқорлық етулері керек», - делінген баспасөз баянында. 

Соңғы жаңалықтар