Астанада заңды салынып жатқан тұрғын үйлердің тізімі жарияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы үлескерлердің қатысуымен тұрғын үй салуға жергілікті атқарушы органнан рұқсаттар берілген құрылыс компаниялардың тізімін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетейік, «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының жаңа Заңы 2017 жылдың 10 қазанынан бастап күшіне енді. Оған сәйкес, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мына тәсілдердің біреуімен жүзеге асырылады: кепілдік беру қорының кепілдігін алу; екінші деңгейлі банктің жобасына қатысу; тұрғын үй қоршауын салудан кейін үлескерлердің ақшасын тарту.

Бірінші тәсіл бойынша шешімді «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ қабылдайды.

Екінші және үшінші тәсілге рұқсатты жергілікті атқарушы орган Сәулет, қала және жер құрылысы басқармасы ұсынады.

Сондай-ақ құрылыс компаниясының міндетті түрде: мемлекеттiк немесе меншiк құқығындағы  жер учаскесi; ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысы бар тұрғын үйдің жобалау-сметалық құжаттамасы; тұрғын үйдің қаңқасының болуы туралы инжинирингілік компания растаған есеп; инженерлік компаниямен жасалған шарт болуы тиіс.

Аталған нормалар Заңның 9 және 10-баптарында айқын көрсетілген.

Астанада тиісті рұқсаттары бар компаниялардың тізімін мына жерден көруге болады. Оған әртүрлі компаниялар салып жатқан 72 тұрғын үй кешені, сондай-ақ "Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры" АҚ-мен шарт жасасқан мердігерлердің 5 тұрғын нысаны бар.

 

Соңғы жаңалықтар