Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 379.86 EUR 422.97
RUB 5.85 CNY 56.33
Jańalyqtar

Астанада ыстық су 25 пайызға қымбаттады деген ақпарат жалған - әкімдік

2018 жылғы 8 желтоқсан 19:39 495
Бөлісіңіз:
Астанада ыстық су 25 пайызға қымбаттады деген ақпарат жалған - әкімдік

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана әкімдігі ыстық су қымбаттағаны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Керісінше, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ыстық су тарифін арзандату жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қалалық отын-энергетикалық кешен және коммуналдық шаруашылық басқармасы сенбіде БАҚ-қа шыққан Қазақстан астанасында соңғы айда ыстық су қымбаттағаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.

«Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған Астанада ыстық су 25 %-ға өсті деген ақпарат шындыққа жанаспайды», - деп мәлімдеді басқарма басшысы Ербол Төлеуов.

Е. Төлеуовтың айтуынша, ыстық су тарифі 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап керісінше төмендейді.  

«Қазіргі таңда тарифті арзандату бойынша қажетті жұмыстар атқарылып жатыр», - деді ол. 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
MURAǴAT