Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 375.95 EUR 425.80
RUB 5.74 CNY 55.94
Jańalyqtar

Астанада ыстан уланған төрт баланың жағдайы қалай

2019 жылғы 11 ақпан 15:06 510
Бөлісіңіз:
Астанада ыстан уланған төрт баланың жағдайы қалай

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қалалық №2 балалар ауруханасының бас дәрігері Біржан Досмайылов иіс тиіп уланған балалардың жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Балаларды педиатр, реаниматолог және травматолог қарап шықты. Балалардың ешқайсысы күймеген, иіс тиіп уланған. Денсаулықтары жақсарған соң, екі үлкен баланы анасы алып кетті, тағы екі бала күрделі соматика бөлімінде ем алып жатыр. Олардың да жағдайы жақсарып келеді, әзірге тұрақты. Ертең немесе арғы күні ауруханадан шығарамыз», - деді бас дәрігер ауруханада өткен баспасөз мәслихатында.

Еске сала кетсек, Астанада екі қабатты жатақханада өрт шығып, одан 11 адам құтқарылған еді. Бір отбасының  иіс тиіп уланған 2006, 2009, 2012 және 2013 жылға төрт баласы ауруханаға жеткізілді.

Бастапқы болжамға сәйкес, өрттің шығуына электр сымдарының тұйықталуы себеп болған. 

Астанада 4 ақпан күні түнде жеке үйдің ауласында тұрғызылған уақытша баспанадан өрт шығып, салдарынан 2006, 2008, 2014, 2016 және 2018 жылдары туған 5 қыз бала қаза болған еді. Өрт кезінде балалардың ата-анасы түнгі жұмыста болған. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.

 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Астана, Оқиға,
Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
MURAǴAT