Астанада ядролық қарусыздану жөніндегі конференция болады

None
None
АСТАНА.  ҚазАқпарат - Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Пагуош ғалымдар қозғалысының Бас хатшысы Котта Рамусино Паолоны қабылдады. Кездесу барысында 2017 жылы Қазақстанда Пагуош конференциясын өткізу мәселелері қаралды.

Сенат Төрағасы Қазақстан тарапы бұл маңызды шараны жоғары  деңгейде ұйымдастыруға ниеттеніп отырғанын хабарлады. 1957 жылы құрылған Пагуош қозғалысы жаһандық ауқымда бейбітшілікті, қарусыздануды, бейбітшілікті және ғылыми ынтымақтастықты жақтайтын ғалымдарды, саяси және қоғам қайраткерлерін біріктіреді. Бұл қозғалыс қарусыздану және қауіпсіздік саласындағы: Ядролық қаруды ауада, ғарыш кеңістігінде және су астында сынауға тыйым салу туралы шарт, Зымыранға қарсы қорғаныс жүйесін шектеу туралы шарт,  Биологиялық және химиялық қару түрлеріне тыйым салу туралы конвенция, Еуропадағы жай қару-жарақтар туралы шарт және басқа да көптарапты келісімдерді әзірлеу мен қабылдауда маңызды рөл атқарды. Ұйым 1995 жылы бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығына ие болды.
null 

Қ. Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан Пагуош қозғалысының идеялары мен құндылықтарын жақтайды, қарусыздану мен қауіпсіздік саласындағы халықаралық келісімдерді әзірлеу мен қабылдаудағы рөлін жоғары бағалайды. Қозғалыс мүшелерінің Астанада осындай кездесу өткізуге ниет білдіруі біздің еліміздің және Семей ядролық полигонын жауып, әлемдегі төртінші орынға ие болған ядролық қарудан бас тартқан әрі адамзатты ядролық қауіптен құтқару ісіне зор үлес қосқан Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық беделінің көрінісі болып табылады. 

Соңғы жаңалықтар