Астанада Венгр революциясы күніне орай Мажарстан елшісінің қабылдауы өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін елордада мажар халқына тәуелсіздік әкелген 1956 жылғы революцияның 62 жылдығына орай Венгрия елшілігі арнайы қабылдау шарасын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Венгриядағы мемлекеттің деңгейде аталып өтетін маңызды үш мерекенің бірі осы Венгр революциясы күні. Тәуелсіздік жолындағы күрес бізге оңайға түспеді, қанды күрес арқылы  келген қасиетті тәуелсіздікті қадір тұтамыз және болашақ ұрпаққа тұтастай жеткізетін боламыз. Біздің тəуелсіздігіміздің жарқын жетістіктерінің бірі - əлем елдерімен достық, саяси-экономикалық қарым-қатынас орнату. Осы тұрғыда бауырлас қазақ елінің алатын орны ерекше. Мажарстан əрқашан бауырлас түркі елдерімен жылы қарым-қатынасты сақтай білді жəне біз үшін ол үлкен мəртебе. Өз сөзіме дəлел келтірсем, жуырда Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында өткен Түркі кеңесі Сыртқы істер министрлерінің жиынында Мажарстан ресми түрде TWESCO-ға бақылаушы мәртебесіне ие болды, бұл өз кезегінде түркі тілдес бауырлардың ара қатынасын жақындата түсетіні сөзсіз. Ал Қазақстанмен байланыс ол бөлек əңгіме,  осы жерде қызықты мəліметпен бөлісер болсам, статистикалық көрсеткіштерге сүйенсек, Астана мен Будапешт арасындағы әуе қатынасы уақыт ережесін қатаң сақтайтыны белгілі болды, атап айтқанда екі қала арасындағы әуе қатынасының 98% тиісті кестеге сәйкес орындалады. Біздің достығызды жалғастыратын тағы бір себеп - спорт. Қазақстанның футбол құрамында 3 мажар азаматы ойнайды, бұл да бір екіжақты қарым-қатынастың белгісі», - деді Мажарстанның Қазақстандағы елшісі Андраш Барани.
null 

Елші мырза өз сөзінің соңында жиналған қауымға алғысын білдіріп, аталған жиынның екі халық арасындағы достастықты одан әрі нығайта түсетініне  сенім білдірді.

Айта кеткен жөн, 2017 жылы Қазақстан мен Мажарстан арасындағы тауар айналымы 350 миллион АҚШ долларына жетті.

Одан бөлек, үстіміздегі жылдың тамыз айында Мажарстанда «Тұран» түркі халықтарының дүниежүзілік құрылтайы өтіп, онда құрылтайды ұйымдастырудағы Қазақстанның қосқан үлесі атап өтілген болатын.

Сонымен қатар құрылтай аясында республикалық «Егемен Қазақстан» газеті мен «ҚазАқпарат» ХАА қолдауымен Қазақстанның Венгриядағы Елшілігі ұйымдастырған «Ұлы дала рухы» фотокөрмесі ашылды.

Сол сияқты осы жылдың наурыз айында ҚР Білім және ғылым министрлігі мәлім еткендей, арнайы комиссияның шешімімен Мажарстан жоғары оқу орындарында білім алу үшін іріктеуден өткен 200 қазақстандық талапкерге грант бөлінген болатын, Елші мырза өз сөзінде аталған гранттың келер жылдан бастап 250-ге көбейетінін айтып өтті.
null 

Өз кезегінде ҚР Сыртқы істер вице-министрі Ғалымжан Қойшыбаев Қазақстан мен Мажарстан арасындағы қарым-қатынас өзара достық пен түсіністіктің негізінде қаланғанын айта келе: «Еуропада біз үшін мажарлардан артық мәдениет пен дәстүрі жақын халық жоқ. Мажарстан біздің саудадағы белсенді әріптесіміз, оған дәлел екі елдің 50-ден аса кәсіпорнының сауда саласында өз ісін дөңгелетуі. 26 жыл ішінде екі ел арасында бірқатар бірлескен жобалар да жүзеге асырылды, соның ішінде жалпы сомасы 40 млн АҚШ долларын құрайтын Ауыл шаруашылығы инвестициялар қорының құрылғанын айрықша айтып өткен жөн. Бұдан бөлек алдағы қараша айында Будапеште Қазақстан-Мажарстан үкіметаралық отырысы өтеді. Сондықтан екі елдің əлі де бірігіп атқаратын игі істердің көптігіне сенімім мол», -деп атап өтті. 

null null null null 

Соңғы жаңалықтар