Астанада велосипед бекеттері ашылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы, Байқоңыр ауданында спорт күніне орайластырылған бірнеше велоспорттық бекеттер және кешенді абаттандырылған тұрғын үй аулалары ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елорданың Байқоңыр ауданына қарасты А.Жұбанов-А.Пушкин көшелері, А.Пушкин-А.Янушкевич көшелері және Кенесары-А.Жұбанов көшелері қиылыстарында жаңадан велобекеттер орнатылды. Одан бөлек А.Жұбанов 4, Кенесары 52, Ш.Уәлиханов 9, Ж.Тәшенов 12 көшелеріндегі аулалар абаттандырылды.

«Велобекеттер халық арасында салауатты өмір салтын насихаттау мен велоспортты кеңінен дамыту бағыттарындағы жұмыстардың нәтижесі. Аталған нысандар «Самұрық-Қазына» әлеуметтік ұлттық қорымен бірлескен жобаның аясында іске асырылуда. Халықтың пікірін тыңдай келе қолайлы деген жерлерге орналастырылды. Алда тағы осындай екі нысанды ашу жоспарда тұр. Бұдан бөлек аудан бойынша жыл соңына дейін 73 тұрғын үй алабы абаттандырылып бітуі тиіс, біз бүгін соның 4-нің тұсауын кестік. Бұл жерде шағын алаң ғана емес, толық кешенді түрде қамтылған аула, оның ішінде футбол алаңдары, «Street Workout» құрылғысы, балаларға арналған ойын алаңдары және үлкен кісілердің спортпен шұғылдануына арналған жаттығу құрылғылары бар», - деді Астана қаласы Байқоңыр ауданының әкімі Ерлан Каналимов.
null

Сонымен қатар, аудан әкімі Елорданың 20 жылдығына орай Польша мемлекеті тарту еткен А.Янушкевич-Кенесары көшелерінің қиылысында жаңа сәулеттік инсталляцияның болатынын және ашылуы қыркүйек айына жоспарланғанын тілге тиек етті. 

null

nullnull

Соңғы жаңалықтар