Астанада вайнерлер фестивалі басталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 15 қазанда Астанада ірі «AstanaVineFest» вайнерлер фестивалі басталды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Фестивалді Қоғамдық даму істері басқармасының қолдауымен жастарды тұрақты дамыту және әлеуметтік қоғамдық қоры ұйымдастырды. Шара танымал және жаңадан бастаушы вайнерлерді біріктіріп, жастардың шығармашылық әлеуетін іске асыратын әлеуметтік-мәдени алаңға айналады деп күтілуде.

Фестивалдің мақсаты - елдегі креатив жастарды қолдау, жастардың әлеуметтік белсенділігін дамыту және жастар арасында «Рухани жаңғырудың» құндылығын танымал ету.

«Бәсекелі фестиваль 2 турдан тұрады. Бірінші турға қатысуға өтініштер 15-нен 31 қазанға дейін жалғасады. Қатысушылар суырып салма тақырыптарға вайн түсіруі қажет. Негізгі критерий - Инстаграмда жазылушылар саны 3 мыңнан кем болмауы керек», - деп хабарлады фестивалді ұйымдастырушылар.

Үздік бейнероликтер 31 қазаннан 2 қараша аралығында конкурстың комиссиясынан екінші турға өтеді, оның құрамында Нұрлан Батыров, «Kartop.tv», «XaXaShow», «Tjokers» сынды жұлдызды вайнерлер бар.  

Әділқазылар мүшесі 20 вайнды таңдайды, авторларға берілген тақырыпқа қарай суырып салма ролик дайындауға көмектеседі. Финалдық турдың жеңімпаздарын фестивалдің концерттік жалғасында ұсынады.

Жүлде қоры 1 орын үшін 350 мың теңге, 2 орын - 250 мың теңге және 3 орын - 150 мың теңге.

Соңғы жаңалықтар