Астанада үздік жас отбасылар анықталады
Елорда әкімдігінің ресми сайтында мәлім етілгендей, байқауды Астана қаласының қоғамдық даму істері басқармасының тапсырысы бойынша «Жас Ұлан» балалар-жасөспірімдер ұйымы ұйымдастыруда.
Байқауға қатысу үшін үміткерлер іріктеудің 2 кезеңінен өтуі қажет. Қатысушылар бірінші кезеңде өз отбасы жайында «Отбасы - бақыт мекені» тақырыбында эссе жазып, оны [email protected] электрондық поштасына жолдауы тиіс. Жұмыстар 12 қазанға дейін қабылданады.
Байқаудың екінші - қорытынды кезеңіне 10 отбасы шақырылатын болады. Ол 20 қазан күні Оқушылар сарайында өтеді. Байқаудың жүлде қоры - 800 мың теңге.
Барлық қызықтырған сұрақтарды @astana.otbasy аккаунтының Instagram парақшасына жазуға болады. Байқау ережесі және өтінімді толтыру үлгісін www.zhasulan.kz ресми сайтынан көруге болады.