Астанада үздік құрылысшылар марапатталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылы Астана өзінің 20 жылдық мерейтойын атап өтті. Астана бүкіл осы жылдар бойы үлкен құрылыс алаңы болды. BI Group холдингі осы уақыт ішінде 4,5 млн шаршы метр тұрғын үй және инфрақұрылымдар жобалар, 40 мың пәтер, 1900 км автожол, 30 көпір және 700 км темір жол құрылысын салды.

Осыдан бұрын Астананың Конгресс-орталығында Құрылысшылар күніне арналған мерекелік концерт өтті. BI Group-тың 36 қызметкеріне үкіметтің құрмет грамоталары мен алғыс хаттары табыс етілді. 10 құрылысшыға «Қазақстанның Республикасының Құрметті Құрылысшысы» және «Қазақста Республикасының Құрметті жолшысы» атағы берілді: учаске бастығы Жұманазар Орынбеков, прораб Александр Солонович, логист Бақдаулет Майтиев, мастер Болат Имишев, жол төсемін орнату бойынша учаске бастығы Виктор Дудин, құрылыс бойынша басқарма төрағасының орынбасары Дархан Рахимов, прораб Жанызак Апбозов, прораб Серік Жақыпбеков, бас инженер Кульжиян Кәкішева, жоба жетекшісі Назим Рамазанов.

nullКульжиян Кәкішева BI Group-та 2006 жылдан бері еңбек етуде: «Маған өз жұмысым, компаниям, ұжымым өте қатты ұнайды. Бүгін де компанияны бүткіл еліміз, тіпті шетелдіктер де біледі. Еліміздің барлық құрылысшыларын, әріптестерімді құттықтаймын. Біздің жасампаз жұмысымыздың одан әрі дами бергенін қалаймын, өйткені біз әрбір отбасыға бақыт сыйлаймыз!».

«Қазақстанның тарихында біз алғаш рет неміс технологиясы бойынша автобан салдық, елімізде бірінші болып бетон салғыш техникасын сатып алдық, бетон төсеудің жаңа технологиясын меңгердік. Біздің жұмыс өте жауапты, өйткені біз халық үшін, еліміздің болашағы үшін қызмет етеміз. BI Group-тың ұйымшыл командасында болғанымды мақтан етемін, Компанияның арқасында біз Құрылысшылар күні бір-бірімізді құттықтаймыз, ал құттықтаудың себебі де болу керек қой, ал ол бізде бар», - деді еліміздің маңызды объектілерінің құрылыстарын жүргізген Жұманазар Орынбеков.

nullКомпания құрылысшыларға арнап қазақстандық және шетелдік жұлдыздардың қатысуымен мерекелік концерт өткізді. Құрылысшыларды сонымен бірге «Жұлдызай» қайырымдылық қорында ем алып, қазір осы медициналық жобаның арқасында аяғына тік тұрып кеткен Валерия Хан құттықтады.

BI Group қызметкерлерінің көмегінің арқасында Қазақстанда сал ауруына шалдыққан балаларды емдеуде Қор жоғары нәтиже көрсетуде  - медициналық-әлеуметтік жоба Астанаға шетелдік оңалту және ортопедия саласының білікті дәрігерлерін әкеледі және 5 жылда 468 ота жасалып, 2,5 мыңнан аса емдік шаралар жасалды. «Жұлдызай» балалар шығармашылығының фестивалі мен спартакиадасына жыл сайын 10 мыңға жуық бала қатысады. Мерекелік кешке сондай-ақ құрылыс саласының ардагерлері, компания серіктестері, клиенттері, мемлекеттік органдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. 

Соңғы жаңалықтар