Астанада үздік әскери ұшқыштар марапатталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Қазақстан Қарулы Күштері тарихының шежіресіндегі атаулы оқиға, яғни, Әуе қорғанысы күштерінің құрылуының 20 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Салтанатты шараға ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев, Халық Қаһарманы, авиация генерал-майоры Тоқтар Әубәкіров, авиация генерал-лейтенанты Александр Сорокин, авиация генерал-лейтенанты Нұрлан Орманбетов, авиация генерал-майоры Мұхамеджан Ыбыраев, авиация генерал-майоры Жиентай Сәндібаев, генерал-майор Владимир Бондаренко, полковник Сүндетқали Жәнікеев, полковник Мұхамедқали Қазамбаев, Қарулы Күштердің ардагерлері және әскери қызметкерлер қатысты. 
null

Әуе қорғанысы күштері - техника және қару-жарақпен жабдықталуы жағынан Қарулы Күштердің ең ұтқыр және жоғары технологиялық түрі. Авиациялық парк жыл сайын кез келген метеожағдайларда күндіз және түнде қойылған тапсырмаларды орындауға қабілетті жаңа ұшу аппараттары және әуе шабуылына қарсы қорғаныс құралдарымен толығуда. 

Күн сайын Әуе қорғанысы күштерінің жеке құрамы өзінің әскери шеберлігін шыңдап, әртүрлі оқу-жаттығуларда, халықаралық армия ойындарында өздерінің мүмкіндіктерін паш етуде, оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындау кезінде үлгілі машықтарын көрсете отырып, жауынгерлік кезекшілікті сапалы атқаруда. Әуе қорғанысы күштерінің әскери қызметшілері егеменді Қазақстанның әуе кеңістігі мен оның аумақтық тұтастығын сенімді қорғап жүр. Тәжірибелі ардагерлер мен жас ұшқыштар пилотаждаудың жоғары шеберлігін, ұшу экипаждарының үйлесімділігін, авиатор жауынгерлердің ұрпақ сабақтастығын паш етуде. 
null 

Бұл атаулы күні анағұрлым ерекшеленген әскери қызметшілер І және ІІ дәрежелі «Ел қорғаны» медальдарымен, құрмет грамоталары және алғыс хаттармен марапатталды. 

 

Соңғы жаңалықтар