Валюта бағамдары:
    usd/kzt 472.17 eur/kzt 495.5

    rub/kzt 7.57 cny/kzt 67.74
Ауа райы:
Астана-15-17℃
  Jańalyqtar  >

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды

2022 жылғы 12 қыркүйек, 09:05

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласында іздеуге жарияланған ұйымдасқан қылмыстық топтың 3 мүшесі ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Рolisia.kz сайтына сілтеме жасап.

«Елорда Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ұйымдасқан қылмыстық топтың 3 қатысушысын ұстады.

Олардың ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 2-бөлігі «Бұзақылық« бойынша қылмыстық қудалаудан жасырынып жүргені, Петропавл қаласында іздеуге жарияланғаны анықталды.

Ұстау кезінде күдіктілер травматикалық патрондармен оқталған «WALTHER», «ОСА» маркалы тапаншалармен қаруланған болды.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Бұл бап 2-ден 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.



Фото: t.me/POLICE_of_KZ





Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары