+7 (701) 759 90 19
USD 422.87 EUR 512.1
RUB 5.63 CNY 64.49
Jańalyqtar

Астанада үйінді астынан құтқарылғандардың денсаулығына қатысты түсінік берілді

2018 жылғы 2 тамыз 13:55
Бөлісіңіз:
Астанада үйінді астынан құтқарылғандардың денсаулығына қатысты түсінік берілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы үйінді астынан құтқарылғандардың денсаулығына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кеше, 1 тамыз күні сағат 19:55-де жедел жәрдем пунктіне Балқантау көшесіндегі салынып жатқан үй құрылысының құлауының салдарынан зардап шеккендер бар деген қоңырау түсті. Оқиға орнына шұғыл жеткен жедел жәрдем жарақат алған үш жұмысшыны қалалық №1 ауруханаға жеткізді. Қазіргі таңда зардап шеккендердің денсаулығы орташа, тұрақты деп айтуға болады. Медициналық көмек көрсетілді. Үшеуі де аурухананың бейінді бөлімінде ем алып жатыр», - деді Астана қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айгерім Ардақ.

Айта кетейік, 1 тамыз күні сағат 19-55-те Астана қаласы Алматы ауданындағы Балқантау, 171 мекенжайында тұрғызылып жатқан қос қабатты коттедждің бірінші және екінші қабатын жалғап тұрған еден жабыны опырылып құлап түскен. Салдарынан үш жұмысшы үйінді астында қалып қойған. Құтқарушылар 1970 жылғы және 1983 жылғы азаматтарды үйінді астынан қазып алды. Екеуі де аман. Сосын үшінші жұмысшы да құтқарылды. Зардап шеккендер тез арада ауруханаға жеткізілген болатын.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әли Ибраев

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT