Астанада үйде қараусыз қалып, 10-қабаттың балконынан құлай жаздаған екі бүлдіршін құтқарылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордалық құтқарушылар қауіпті жағдайда қалып қойған екі баланы құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі атап өткендей, кеше сағат 18.02 кезінде өрт сөндіру қызметінің «101» пультіне хабар келген.

Онда Сарыарқа ауданы Қосшығұлұлы көшесінде көпқабатты үйлердің бірінде 10-қабат биіктікте екі баланың балконнан ойыншық лақтырып ойнап отырғаны айтылған.

Құтқарушылар келіп жеткенде 2013 және 2015 жылы туған екі баланың 10-қабатта балконда ойнап отырғанын көреді.

Балалар үйде үлкендердің қарауынсыз оңаша қалған.

Құтқарушылардың жедел әрі үйлесімді әрекетінің арқасында автосаты арқылы балалар құтқарылып, полиция департаментінің қызметкерлеріне тапсырылды.

Еске сала кетсек, соңғы қайғылы оқиға осы жылдың 2 тамызында болған еді. Иманбаева көшесінде көпқабатты үйдің 8-қабатының терезесінен 4 жасар бала құлап, мерт болған.

Елордалық ТЖД тағы да ескертеді:

- балаларды үлкендерсіз қарауынсыз қалдырмаңыздар

- балаларға қауіпсіздік туралы ескертіңіздер

- москит торына сенбеңіздер

- терезенің желдеткішіне тор орнатыңыздар

- терезенің жанына жиһаз қоймаңыздар.




Соңғы жаңалықтар