Астанада ұялы телефонды тегін қуаттайтын орындықтар орнатылды

None
None
  АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің ашылуына санаулы күндер қалды. Айтулы шара қарсаңында елорда көшелеріне ұялы телефон қуаттайтын бағаналар мен орындықтар орнатылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Сарыарқа ауданының әкімдігіне сілтеме жасап.

null
«Астана ЭКСПО 2017» қарсаңында елорда тұрғындары мен қонақтарына қолайлы жағдай туғызу мақсатында «Астана» концерт залының алдындағы алаңға ұялы телефон қуаттайтын автономды бағаналар мен орындықтар орнатылды», - деп хабарланды Сарыарқа ауданы әкімдігінің ресми парақшасында . 

Аталған нысандар күн батареялары арқылы қуат жинауға негізделген және энергиялық тиімділігімен ерекшеленеді. 
null 

Соңғы жаңалықтар