Астанада ұялы телефон сататын сауда нүктелері тексерілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана полициясы ұрланған 6 және жоғалған 3 ұялы телефонды иелеріне қайтарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«12 қазанда полицейлер ұрланған заттар сатылуы ықтимал орындарда рейд жүргізді. Бұл тұрғыда «Артем» сауда үйінің аумағында ұялы телефондар сатылатын және жөнделетін орындар тексерілді. Бұл шара телефон, планшет және ноутбуктердің ұрлығына тосқауыл қою үшін қабылданатын жұмыстардың тиімділігін арттыру мақсатында ұйымдастырылды», - делінген таратылған хабарламада.

Белгілі болғандай, рейд барысында полицейлер 144 бутикті тексерді, оның ішінде 75 жөндеу шеберханасы бар. Шара барысында тиісті құжаты жоқ сегіз жүзге жуық гаджеттер мен оларды жөндеуге арналған бөлшектер анықталды.null 

Сонымен қатар, ұрланған 6 және жоғалған 3 ұялы телефон иелеріне қайтарылды. Мұнымен қоса, тиісті уағдаластықтарға сәйкес, телефондар мен гаджеттердің IMEI- кодтарын полицейлер тексеру үшін жақын шетелдерге жібереді. Осы орайда Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан және басқа елдер қамтылады.

«Атап айтқанда, ұйымдастырылған алдын алу шарасы барысында аталған тауарларды сатушылар тарапынан дұрыс түсіністік болды. Сәйкесінше, тексеру кезінде полицейлерге қатысты олар ешқандай ескерту жасамады», - деп атап өтілген хабарламада.

null 

Соңғы жаңалықтар