Астанада үстел теннисінен турнирдің жүлдегерлері анықталды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада Президент Іс Басқармасының және ведомстволары мен ведомстволық қарасты ұйымдарының қызметкерлері арасында өткен үстел теннисінен турнир мәреге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атап айтқанда, командалар арасындағы сайыста бірінші орынды 10 ұпай жинаған ҚР ПІБ Медициналық орталығы алды. Екінші орыннан 9 ұпаймен ҚР ПІБ Инженерлік-техникалық орталығы көрінсе, үшінші орын ҚР Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясына бұйырды.


Жыл сайынғы дәстүрлі турнирде 10 команда (30 адам) өзара тартысқа түсті. Жеңімпаздарға арнайы кубок, сертификаттар мен дипломдар табысталды.

Айта кетейік, бүгінгі турнирге Президент Іс Басқармасы, Президент Телерадиокешені, «ҚР ПІБ Автошаруашылығы» РМК, «Бүркіт» мемлекеттік авиакомпаниясы» РМК, ҚР ПІБ Медициналық орталығы, «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы» мемлекеттік мекемесі, «ҚР Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК, «Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы» РМК, «ҚР ПІБ Инженерлік-техникалық орталығы» ШЖҚ РМК, «Бурабай даму» ЖШС атынан командалар қатысты.










Соңғы жаңалықтар