Астанада үстел теннисінен дәстүрлі фестиваль өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  Алдағы демалыс, яғни14-15 шілде күндері «Алау» мұзайдыны сарайында Астана күніне орай Үстел теннисінен дәстүрлі фестиваль өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР ҰОК таратқан мәлімет көзіне сүйенсек, жарысқа Қазақстаннан бөлек Ресей және Өзбекстаннан келген 1000-нан астам кәсіби спортшылар мен әуесқойлар қатыспақ.

Жарыстың алғашқы күні командалық және жұптық біріншілікте жүлдегерлер анықталады, ал 15 шілде күні кәсіпқой, әуесқой, ардагер, жасөспірімдер және кадеттер, сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасындағы мықтылар анықталады.

Аталған турнир 2014 жылдан бастап өткізіліп келеді. Біріншіліктің мақсаты - Республикада үстел теннисін көпшілікке тарату және дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, дене шыдамдылығын қалыптастырып, адамгершілік тәрбиесін арттыру. Жарыстың салтанатты ашылуы - 14 шілде күні сағат 10:00-де «Алау» мұзайдыны сарайында өтеді.

Соңғы жаңалықтар