Астанада үшсайыстан халықаралық жарыс өтіп жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорданың Триатлон саябағында BI GROUP IRONMAN 70.3 Astana  өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ең беделді халықаралық жарысқа қатысушыларды Қазақстан Триатлон федерациясының президенті Кәрім Мәсімов құттықтап, сәттілік тіледі. Сонымен қатар ол мұндай жарыс ТМД аумағында алғаш рет өтіп отырғанын және Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына тамаша тарту болғанын баса айтты.

IRONMAN жарысына қатысқандар арасында Олимпиада чемпионы, Парламент Мәжілісінің депутаты Серік Сәпиев, Олимпиада чемпионы, Astana Pro Team бас менеджері Александр Винокуров, Astana Pro Team велошабандозы Асан Базаев, Олимпиада ойындарына қатысқан триатлоншы Екатерина Шатная, спортшы, «Другой ты» қозғалысының көшбасшысы Валихан Тен, Куила-Конеде IRONMAN әлем чемпионатына қатысқан Павел Артюшенко, «темір» қашықтықты 33 мәрте бағындырып, жарыс тарихында қалған триатлоншы Томас Дрейер (Thomas Dreher) және тағы басқалары бар.

Жарыс үш кезеңнен тұрады. Олар - жүзу (1,9 шақырым), веложарыс (90 шақырым) және жүгіру (21,1 шақырым). Осылайша, жарыстың жалпы ұзақтығы 113 шақырымды құрайды.

Айта кетерлігі BI GROUP IRONMAN 70.3 Astana 2018 елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған және қаланың халықаралық аренадағы имиджін ілгерілетуге бағытталған.

Соңғы жаңалықтар