Астанада үш құрылыс компаниясына айыппұл салынды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорданың Есіл ауданында абаттандыру ережелерін бұзған үш құрылыс компаниясына айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Есіл ауданында ақпанның 24-і мен наурыздың 2-і аралығында Астана қаласын абаттандыру талаптарын бұзғаны үшін «КазИнвестКонстракшнГрупп» ЖШС, «Дилайн Групп» ЖШС және «Industrial Innovation Group» ЖШС-не 249 590 теңге көлемінде айыппұл салынды»,-делінген хабарламада.

Бұған қоса, «ASTI» және «Еврокоптер Казахстан Инжиниринг» компанияларына ескерту жарияланды. Құрылыс алаңдарына мониторинг жұмыстарын «Есіл» ауданының әкімдігі жергілікті полиция қызметкерлерімен бірге жүргізді.

Соңғы жаңалықтар