Астанада үш күн бойы бірнеше көшеде көлік қозғалысы шектеледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 18-20 мамыр аралығында Астанада триатлоннан сайыс өткізілуіне байланысты бірнеше көшеде қозғалыс шектеледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдіктің сайтына сілтеме жасап.

Қалалық ІІД Жергілікті полиция қызметінің мәліметінше, триатлоннан Әлем Кубогы кезеңі өткізілуіне байланысты қоғамдық тәртіпті қадағалап, іс-шараға қатысушылар мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Б. Момышұлы даңғылы (Тоқпанов көшесінен Қошқарбаев даңғылына дейін), Сарайшық көшесінің (Б. Момышұлы даңғылы М-1 көпір үстімен өтетін), Шалқыма көшесі (М-1 көпірінен М-2 көпірі арқылы Әлиев көшесіне дейін) бойында жол қозғалысы шектеледі.

Жоғарыда белгіленген көшелерде жол қозғалысынның шектелуі іс-шара аяқталғанға дейін жалғасады.

Іс-шараның өту уақыты:

2018 жылдың 18 мамыры (жұма) сағат 15.00-ден 16.00-ге дейін (зерттеу бағытының қатысушылары).

2018 жылдың 19 мамыры (сенбі) 12.00-ден 18.00-ге дейін (кәсіби спортшылар).

2018 жылдың 20 мамыры (жексенбі) сағат 09.00-ден сағат 15.00-ге дейін (әуесқойлар).

Қалалық ІІД жүргізушілерге уақытша шектеулерге түсіністікпен қарап, жол бағытын алдын ала жоспарлауды ескертеді.

 

Соңғы жаңалықтар