Астанада Ұлы дала өнеріне арналған көрме ашылды

None
None
АСТАНА.ҚазАқпарат -Астанада Ұлы дала өнеріне арналған көрмеге танымал суретші Лейла Махат пен жас суретші Қанат Нұртазиннің авторлық шығармалары қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 Лейла Махаттың «Ұлылыққа тағзым» атты көрмесінде 16 сурет пен 9 графикалық жұмыс қойылған. 

Көрменің тақырыбы мен тұжырымдамасы негізінде суретші өз шығармасында әртүрлі кескіндеме техникаларын қолданған.. Графикалық жұмыстың сериясындағы «Ежелгі құдайларға табыну» ерекше орын алады. Сондай-ақ оның жұмысындағы тағы бір назар аударарлық туынды - «Аспан мен жер» сериясы.

«Билік күшейеді, құлдырайды, аңыздар ұмытылады, ал аспан біздің миллиондаған жылдар бойы бізді бақылап тұрады. Жер адамзаттың панасы мен қорек қорының мекені. Мен үшін әдемі аспан туған жерімнің аспаны. Сонымен қатар мені қызықтыратын тақырып ежелгі өркениет мәдениеті. Ежелгі бейнелеу өнерінің ескерткіштері мен үшін зерттеу тақырыбы ғана емес, ұмытылған білімді де түсінудің тәсілі ретінде әрқашан қызықты», -дейді  Лейла Махат. 
null 

Көрменің екінші бөлімінде жас суретші Қанат Нұртазиннің «Шексіз» атты шығармашылық жұмыстары бар. Оның туындылары «Софт-арт» (Software Art) қарым-қатынас өнері, стрит-арт (Street Art) Ви-Джей (VJ Art), стакизм (Stuckism), тоизм (Toyism),фанизм (Funism), масс- сюрреализм (Massurrealism) бағыттарына арналған.

Қанаттың көрмесінде барлығы 100-ге жуық сурет, 10 инсталяция және 40 портрет қойылған. 

«Шығармашылық жұмыстарымды Instagram желісінде бөлісуден бастадым. Бірақ картиналарым көрме ұйымдастыруға әкеледі деп ойлаған емеспін. Бір суретті салуға 1 сағаттан 1-2 күнге дейін уақыт кетеді. Менің жұмыстарымның сұранысқа ие болуы қазіргі заманға сай стильде жасалғандықтан деп ойлаймын. Бұл суретші ретінде алғашқы көрмем, алдағы уақытта шығармашылығымды қоғамдағы маңызды тақырыптарға арнап жалғастырсам деймін», - дейді ол.
null 

Айта кетейік, көрме Астанада жуырда өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезін орай «Құланшы» қазіргі заманғы өнер орталығының ұйымдастыруымен өтті.

null null null null null null null 

Соңғы жаңалықтар