Астанада Ұлттық волонтерлік желі мүшелерінің кездесуі өтіп жатыр

None
None
АНА. 28 мамыр. ҚазАқпарат/Айнұр Кенебаева/ - Бүгін Астанада Ұлттық волонтерлік желі (ҰВЖ) мүшелерінің кездесуі өтіп жатыр.

Ұлттық волонтерлік желі 2010 жылы Азаматтық Альянс бастамасымен Қазақстандағы БҰҰ-ның еріктілер бағдарламасы және өзге де волонтерлік ұйымдармен бірлесе құрылған болатын.

Ұйымдастырушылар айтып өткендей, жалпы қазақстандық бірыңғай волонтерлік желі ерікті бастамаларды көбейту үшін және елдің азаматтық қоғамын прогрессивті түрде дамыту үшін қажет. ҰВЖ құрамында 50 тарта ұйымдар бар. Бүгінгі күні қосымша тағы да 13 ұйым желі мүшелігіне кіру жөнінде ниет білдірген.

ҰВЖ мүшелерінің бүгінгі бас қосуы волонтерлік бастаманы дамыту және ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында қолға алынғалы отырған әлеуметтік-мәдени шараларды өткізу тәртібін талқылау мәселесін арқау етті.

Волонтерлік желі үйлестірушісі Жанар Омарова айтып өткендей, ҰВЖ ағымдағы жылдың басынан бері 200 астам шараларды ұйымдастырған. Солардың қатарында «Көктемгі қайырымдылық апталығы», «Қоғамдық тұрғыдан белсенді мектептердің инновациялық педагогикалық жобалар жәрмеңкесі», «БҚО табиғат апатынан зардап шеккендерге көмек» сынды акциялар, сондай-ақ балалар мен қарттар үйлерінде, ауруханаларда өткізілген әлеуметтік шаралар да бар. Сонымен қатар ҰВЖ мүшелері Дүниежүзі қазақтары IV Құрылтай жұмысына да белсенді түрде атсалысқан болатын.

Кездесу барысында ҰВЖ жетекшісі Вера Кимнің берген мәліметіне сәйкес Тәуелсіздіктің 20 жылдығы қарсаңында республика төңіренінде бірқатар арнайы шаралар ұйымдастырылмақшы. Шаралардың негізгі легі маусым-тамыз аралығында өтеді деп жоспарланған. Атап айтқанда, балаларды қорғау күніне байланысты өтетін республикалық қайырымдылық акциясы, ҚР-ғы жетімдік деңгейін азайту мақсатындағы халықаралық конференция өткізу қолға алынбақ. ҰВЖ жетекшісінің сөзіне сәйкес, аталмыш шараларды нәтижелі жүзеге асыру үшін арнайы мамандардан жасақталған жұмыс тобы құрылмақ. Шаралардың екінші бағыты республикадағы волонтерлікті дамыту мәселесіне қатысты өрбімек. Соның аясында Астана қаласында ірі конференция өткізу және ШҚО-да волонтерлерге арналған жазғы оқыту лагерін ұйымдастыру көзделіп отыр. Вера Ким сондай-ақ Social Camp атты ресми емес үлгідегі конференция өткізу қажеттігін айтты. Аталмыш конференция арқылы ұйымдастырушылар шалғай жатқан ауылдық аймақтарды қамтуды мақсат етіп отыр.

Соңғы жаңалықтар