Астанада Ұлттық тарихшылар конгресінің жиыны өтті

None
None
АСТАНА. 27 қазан. ҚазАқпарат - Астанада Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Ұлттық тарихшылар конгресінің жиыны өтті. Басқосуда «Халық тарих толқынында» бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстар сараланды. Жиында сондай-ақ тарих саласында қордаланып қалған түйткілді мәселелер сөз болып, оның шешу жолдары талқыға салынды, деп хабарлайды madeniettv.kz.

Қазақстан тарихшыларының 1-ші Конгресі 2011 жылы өткізілген болатын. Енді міне, тарихшылар тағы да бас қосып, осы саладағы бүгінгі күннің өзекті мәселелері мен оны шешу жолдарын ортаға тастады.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Ммнистрлігі мен Мәдениет және ақпарат министрлігі, «Қазақстан тарихшыларының Ұлттық конгресі» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырған шарасына ел аумағынан, және шет мемлекеттерден тарих саласының мамандары жиналды.

Алқалы жиында қыркүйек айында Мемлекеттік хатшы Марат Тәжиннің төрағалығымен Ақордада өткен Ұлттық тарихты зерделеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының отырысында айтылған тапсырмалардың орындалу барысы талқыланды.

Соңғы 4 айдың ішінде мерзімді баспасөз беттерінде тарихқа қатысты 400-ден астам, ал, электронды құралдарда 800-ге жуық мақалаға шыққан. Күнделікті жаңалықтар мен бағдарламалардан көрсетілген бейнесюжеттер саны 500-ден асады.

400 тарихшының басын қосқан Конгресс аясында «Халық тарих толқынында» мақалалар жинағының тұсауы кесілді. Тиражы - 3 мың дана.

Соңғы жаңалықтар