Астанада ұлттық ат спортынан Азия чемпионаты мәресіне жетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада ұлттық ат спортынан Азия чемпионаты мәресіне жетті. Спортшылар теңге ілу және аударыспақтан бәсекелесті, деп хабарлайды sports.kz.

Жарысқа Қазақстан, Өзбекстан, Моңғолия, Қырғызстан, Ресей Тәжікстан, Түркия, Қытай және Ауғанстан елдерінің спортшылары қатысты.

Ал жүлде қоры 14 миллион теңгені құрады.  Бәсекеде қазақстандықтардың мерейі үстем болды. Абсолютті дәрежеде 23 жасар Арман Сағымбаев  чемпион атанды.

«Мен абсоютті салмақта жеңімпаз атанамын деп ойлаған да жоқпын. Өйткені менің өз қарсыластарымнан салмағым жеңіл еді. Әрине, көптен бері бұл белбеуді армандаушы едім. Енді алда болатын Қазақстан чемпионатына дайындаламын»,- дейді қуанышын бөліскен жарыс жеңімпазы.

Соңғы жаңалықтар