Астанада «Үлгілі сот» жұмысы таныстырылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорданың «Сарыарқа» аудандық соты сот төрелігін жүзеге асыру процестерін жетілдіру үшін ілкі сот деп белгіленген болатын. Бүгін ҚР Жоғарғы соты Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы Нұрсерік Шәріпов ілкі соттың жұмысымен  таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Ағымдағы жылдан бастап үлкен бастамаларды қолға алып, сот жүйесінің  даму жолдарын, бағыттарын қарастырудамыз. Жыл басынан жобалық тәртіппен қаралатын бағыттарды айқындау барысында көптеген үндеулер жарияланды. Бізге көптеген ұсыныстар түсіп жатыр. 1,5 айдың ішінде халықтан, адвокаттардан, жалпы сотқа жүгінуші тұлғалардан мыңнан аса ұсыныс түсті. Сот жүйесін одан ары дамыту бағыттарына арнайы жобалық кеңсе ашылды. Онда біз 7 бағдарлама құрдық. Олар: «Мінсіз судья», «Үлгілі сот», «Сапалы нәтиже», «Оңтайлы орта», «Татуласу», «Соттан сотқа дейін», «Смарт сот». Қазір осының барлығы жүзеге асырылуда», - деді ол.
null

Осы ретте департамент басшысы қазіргі заманғы соттың бет-әлпеті қандай болуы керектігіне тоқталды.

«Балансымызда ғимараттар болғанымен, олардың барлығы ескі, тіпті 1914 жылы салынғаны да бар, стандарттарға сай келмейді. Біз қазір олардың жаңа келбетін дайындап, халыққа ыңғайлы қылып жасап жатырмыз. Үлгілі сот болғаннан кейін ілкі жобаларымызды осында жүзеге асырудамыз. «Фронт-кеңсе», «Татуластырушы судья», «Судья көмекшісі» ілкі жобалары жүзеге асырылып жатыр. Алдағы уақытта еліміздің барлық өңірінде енгізуді көздеп отырмыз. Мұндай жұмыстар басталып та кетті. «Фронт-кеңселер» СҚО-да, ШҚО-да, Алматы және Павлодар облыстарында жүзеге асырылды. «Үлгілі сот» дегеніміз осы»,-  деді Нұрсерік Шәріпов.
null
nullnull

Айта кетейік, 2300 шаршы метр аумақты құрайтын ғимаратта судьялар мен сот қызметкерлеріне арналған 41 кабинет, 13 сот отырысы залы бар. Залдар дыбыс-бейнетіркеу жүйелерімен 100 пайыз қамтылған. Сонымен қатар, медиатордың, адвокаттың, прокурордың кабинеті, ақпараттық дүңгіршек, 2 күту залы жұмыс істейді.
null

null
nullnull

Соңғы жаңалықтар