Астанада үлгі тұтарлық жұмыс берушілер анықталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының әкімдігі мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жұмыс орындарының квотасын орындаған елорданың үздік 10 жұмыс берушілерін анықтады. Бұл туралы «Астана қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ баспасөз қызметі мәліметінде айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сонымен, үздік жұмыс берушілер ретінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Астана қаласы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті, «Keruen City» ЖШС, «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ, «Ауыл шаруашылығын қаржылау қолдау қоры» АҚ, «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ танылды. Мұнымен қоса бұл тізімге «Сайран Бірлестігі» ЖШС, «Қаршаға күзет» ЖШС, «Целингидромаш» ӨК, «Build System» ЖШС, «Тұран-Астана» университеті енді.

 Еске сала кетсек, Астана қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 16 қарашадағы «Жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» қаулысына сәйкес, азаматтардың бөлек санатына арналған жұмыс орындарының квотасы бар. Жаңа ереже бойынша елорданың жұмыс берушілеріне жұмысшылар санының тізімінен мүгедектерге арналған жұмыс орындарына квота бекітілген: 50 ден 100 адамға дейін - 2 пайыз; 101 ден 250 адамға дейін - 3 пайыз; 251 ден жоғары - 4 пайыз.

Соңғы жаңалықтар