Астанада үлескерлердің мәселесі қалай шешіліп жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жүзден аса проблемалы тұрғын үй нысандарының ішінде бүгінгі таңда 29 тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталмаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бұл тұрғын үй құрылысына үлескерлікпен қатысу мәселелер жөніндегі ведомсвтоаралық комиссияның шеңберінде бірлескен әрекеттер жоспарын іске асыру арқасында мүмкін болды.

«Өтініштердің алғашқысы 2015 жылдың басында түсе бастады, сөйтіп 100-ден астам проблемалы нысанның бары анықталды. ВАК шеңберінде бірлескен әрекеттер жоспары әзірленді. Осы жылдың басында оның саны 62 нысанға дейін қысқарды. Қалғандары пайдалануға берілді. Бүгін 62 нысанның ішінде аса проблемалы 29 нысан бар. Бұлар - негізінен қаржы ұрлаудың нақты фактілері мен мердігерлерге қатысты қабылданған шаралары анықталған объектілер», - деді журналистермен кездесуде Астана әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошун.

Оның айтуынша, аталған объектілер «Нұрлы жер» бағдарламасының аясында салынады. Үш апта бұрын «Азбука жилья» Гарант ТК құрылысын аяқтауға қатысты байқау өткізіліп, алғашқы жеткізуші анықталды. Келесі жылдың 4-ші тоқсанында объектіні пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Жалпы, С. Хорошунның мәліметінше, «Үлескерлік құрылыс» туралы күшіне енгеннен бастап 2016 жылдың қазанында Астанада үлескерлердің қаражатын тартуға 88 рұқсат берілген болатын. Бүгінгі таңда 30 нысан пайдалануға берілді. Ол - шамамен 5,5 мыңға жуық пәтер. 16 мыңнан астам пәтері бар 58 нысанның құрылысы жүріп жатыр. 

Соңғы жаңалықтар