Астанада үлескерлер мәселесі әкімнің бақылауында

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Апта сайынғы аппараттық кеңес барысында тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу Ведомствоаралық комиссия (ВАК) жұмысы туралы Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошун әкімнің алдында есеп берді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Бүгінге дейін ВАК бақылауында 53 проблемалық нысан бар. Әкім орынбасарының айтуынша, комиссия отырысында 28 құрылысты аяқтау қаралды.

Сергей Хорошун, сондай-ақ «Нұрлы жер» бағдарламасының іске асуы туралы айтып берді.

«Қазіргі күнде бағдарлама аясында 21 тұрғын үй кешенінің аяқталуы қаралып жатыр. Бұл деген 8 мың үлескер, яғни жалпы үлескерлер санының 60% құрайды. Әр нысан бойынша қаржылық және техникалық аудиттер, сондай-ақ жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде», - деді С. Хорошун.

Ол сондай-ақ, осы жылдың мамыр айында «Шығыс» ТК құрылысын аяқтау бойынша бірлескен қызмет туралы шарттың қол қойылғанын айтты. Бұл тұрғын үй тобы тиісінше «3Б» және «3А».

 «Ақжол» ТҚК объектісі бойынша пайшылардың жалпы жиналысы өтіп нысан құрылысын жаңа құрылыс салушыны тарта отырып дербес аяқтау туралы шешім қабылданды.

«Тұран Сығанақ» ТК (199 пайшы) бойынша қаржылық және техникалық аудит жүргізу бойынша қол қойылған. Сондай-ақ, маусым айында «Бақыт Арыстан», «Столичный 2», «Мой Мирный Дом», «Баспана Көктал» жалпы саны 1640 үлескердің басын құраған ТК-рі бойынша осындай жұмыстар жүргізілу жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар