Астанада үлескерлер қаражатына үй салуға рұқсаты жоқ компаниялар жарияланды

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тұрғын үй құрылысының бастапқы сатысында үлескерлер ақшасын тартуға рұқсаты жоқ құрылыс компанияларының тізімі жаңартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қолданыстағы заңнаманы айналып өтіп жасалған барлық мәміле (алдын ала брондау шарты, резервтеу шарты, инвестициялау шарты, талап ету құқығын басқаға беру шарты) мына тізімде көрсетілген көппәтерлі тұрғын үй кешендерінде жарамсыз болып саналады.

Еске салайық, «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» ҚР заңнамасына сәйкес үлескерлердің қаражатын тиісті рұқсатсыз қабылдауға тыйым салынады. Бұл ретте ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 320-бабы, сондай-ақ ҚР Қылмыстық кодексінің 214-бабы бойынша кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрлерімен айналысқаны үшін жауапкершілік қарастырылған.

Барлық сұрақ бойынша Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Бейбітшілік көшесі, 9 мекенжайы бойынша Астана қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасына хабарласуға болады. Байланыс телефондары: 8 (7172) 55-04-28, 55-67-03.


Соңғы жаңалықтар