Астанада ұл және қыз балаларға биыл ең көп қойылған есімдер анықталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қаңтар-қазан айларында Қазақстан астанасында 27 998 бала жарық дүниеге келді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Астананың АХАТ статистикасы бойынша жаңадан туылған нәрестелер арасында ең танымал есім - Әлихан мен Медина болған.

Осы жылы 289 баланы Әлихан деп атаса, 387 қызды - Медина деп атаған.

Ең кең тараған есімдердің ондығына ұл балалар арасында Әмір, Әли, Айсұлтан, Арлан, Алан, Санжар, Алдияр, Ерасыл және Мансұр кіреді.

Қыздар арасында Айзере, Айлин, Әмина, Айша, Раяна, Айару, Аяла, Сафия және Аиша есімдері көбірек қойылыпты.

Соңғы жаңалықтар