Астанада түйткілді автобус бағдарының мәселесі шешілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - №60 автобус бағдары қалалық №1 муниципальдық автопаркке берілді, бұл туралы «Astana LRT» компаниясы Фейсбуктегі парақшасында жария етті.

Астанада 11 автобус бағдарының қозғалыс кестесі өзгерді. Компанияның мәлімдеуінше, №60 автобуспен қатынайтын жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасы жақсармақ.
Бұл бағдар қаланың сол және оң жағалауына қатынайтындықтан өте көп жолаушы оны пайдаланады.
«Бізге келген шағымдардың дені бағдардың келіп-кету интервалы ұзақтығына қатысты. Алдағы уақытта бағдардың қатынау жиілігі бұрынғы қалпына келтіріледі. Қазір бағдарды қалалық №1 муниципальдық автопаркке беру рәсімдері жасалуда», - делінген хабарламада.
Компанияның мәлімдеуінше, бұл өзгеріс - желіге шығатын автобустардың санын артырады, сондай-ақ автобус жиілігі бекітілген кестеге сай болады, келіп-кету интервалы қысқарады, бағдарға кондиционері бар жаңа автобустар шығарылады.

Соңғы жаңалықтар