Астанада Түркістан облысының өнімдері арзан бағамен сатылып жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада жыл сайын ұйымдастырылатын Қазақстан өңірлерінің ауылшаруашылық жәрмеңкесі маусымы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

Жәрмеңкеге Түркістан облысының шаруалары жалпы құны 122,8 млн теңге болатын 286 тонна азық-түлік жеткізді.

«Атап айтқанда, түркістандықтар 65 тонна ет және ет өнімдері, 101 тонна көкөніс,18 тонна сүт өнімдері, 23 тонна жеміс-жидек, 20 мың дана жұмыртқа, 6 тонна балық, 5 тонна бал, 5 тонна кептірілген жеміс, 4 тонна түрлі консервілер және басқа да өнімдер әкелді. Олардың құны нарықтағы бағадан анағұрлым төмен», - делінген Астана әкімдігінің ресми хабарламасында.

Әкімдік келтірген деректерге сүйенсек, жәрмеңкедегі картоп бағасы - 80-110 тг/кг, орамжапырақ - 80 тг/кг, пияз - 70 тг/кг, сәбіз - 110-120 тг/кг, қияр - 150 тг/кг, қызанақ - 200 тг/кг болып белгіленген.

Түркістан облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі маусымның 23-24 күндері «Қазақстан» спорт кешенінің автотұрақ аймағында өткізіледі.
nullnullnullnull

Соңғы жаңалықтар