Астанада Түркістан облысының өнімдері арзан бағада сатылып жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордадағы «Қазақстан» спорт кешені аумағында Түркістан облысының кезекті ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Биыл Астанадағы Түркістан облысының жәрмеңкесі осымен үшінші рет ұйымдастырылып жатыр. 

«Астана қаласының 20 жылдық мерекесі аясында елордада Түркістан облысының 5 жәрмеңкесін өткізу жоспарланған. Себебі, біздің облыс басқа өңірлерге қарағанда, ауыл шаруашылығын дамытуға аса қолайлы. Мақта шаруашылығы 100% Түркістан облысында жүргізіледі, жүзім шаруашылығындағы облыс үлесі - 72%, бау-бақшада - 60%. Ал 1325 гектар болатын жылыжайларымыз - республика жылыжайларының 80% құрайды», - дейді Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Нұржігіт Мырзахметов.
null 

Түркістандық өндірушілер кезекті жәрмеңкеге 101 млн теңге болатын 411 тонна ауылшаруашылығы өнімдерін әкелді. Оның ішінде 66 тонна ет және ет өнімдері, 137 тонна көкөніс, 27 тонна сүт өнімдері, 39 тонна жеміс-жидек, 5 тонна балық сынды 35-тен астам ауыл шаруашылығы өнімдері бар. 

«Түркістан облысының Сайрам ауданы өзінің көкөніс және картоп өнімдерімен танымал. Сондай-ақ, Сайрам ауданында қайта өңдеу саласы жақсы дамыған. Астанаға қайта өңделген ірімшік, қаймақ, шұжық сынды сүт, ет өнімдерін әкеліп отырмыз. Жергілікті тауар өндірушілерді Астанаға жету үшін автокөліктермен қамтамасыз еттік, сондықтан, тауар өндірушілер артық шығындалмайды. Арада делдал жоқ. Сәйкесінше, барлық өнімдеріміз тиімді бағада сатылуда», - дейді Түркістан облысы Сайрам аудандық ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы Нұрпапа Көпеев. 
null

Ұйымдастырушылардың айтуынша, қыркүйек және қазан айларында Астанада Түркістан облысының жәрмеңкелері өтеді. 

Жалпы, Астанада ұйымдастырылатын бес жәрмеңкеде түркістандық шаруалар елордаға 15 мың тоннаға дейін ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізеді.

nullnullnullnullnullnullnullnullnullnullnullnullnullnullnullnullnullnullnullnullnullnullnullnullnullnullnullnullnullnullnull

Соңғы жаңалықтар