Астанада тұрғын үй паркингінен өрт шықты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордалық өрт сөндірушілер тұрғын үй кешенінің бірінде жоғары дәрежелік шақыру бойынша жұмыс істеуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТЖМ-ге сілтеме жасап.

6 маусымда сағат 11:56-да Астана қаласы ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелері Мұхамедханов көшесіндегі тұрғын үй кешені паркингінде өрт шыққаны туралы хабарлама алған. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 7 минуттан кейін келді, автотұрақта көлік жанып жатқаны анықталды.

«Өрт орнында жедел штаб құрылды, өрт сөндірушілер жоғарғы қабаттардан адамдарды барлап эвакуациялауда. Қазіргі уақытта елордалық өрт сөндірушілер жоғары дәрежеде жұмыс істеуде», - деп жазды министрліктен.



Соңғы жаңалықтар